«Ғажайып әлем» бөбекжайына
Қош келдіңіздер
«Ғажайып әлем» бөбекжайы топтары

Балбөбек
ерте жас топ

Жұлдыз
кіші топ

Ягодка
ортаңғы топ

Гүлдәурен
ересек топ
Сіздің балаңыз осы жерде білім алады және дамиды
«Ғажайып әлем» бөбекжайы» ұжымы






«Ғажайып әлем» бөбекжайы» Міндеттері

«Қатынас»
Балаларды сауаттылық негіздерін меңгеруге дайындау.
Балаларды қоғамда қалыптасқан халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар үлгісінде қалыптастыру.

«Шығармашылық»
Баланың бейнелеу, көркем тілдік, музыкалық іс-әрекетінде эстетикалық сезімдерін, шығармашылық қабілетін дамытуды қамтамасыз ету.

«Таным»
Балалардың танымдық қабілетін арттыру, интеллектуалдық іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыру, білуге деген құштарлықты дамыту.

«Денсаулық»
Балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру.
Салауатты өмірге тәрбиелеу.

«Әлеуметтік»
Балалар бойында рухани-адамгершілік құндылықтар мен патриоттық сезімді қалыптастыру.
Кең, қазіргі заманғы барлық талаптарға сай бала-бақшаға бүгінгі күні көп ұлттың балалары келеді: орыс, өзбек,әзірбайжан,түрік және т.б
Бөбекжай бала-бақшадағы педагог қызметкерлердің барлығында базалық педагогикалық білімдері бар. Оның ішінде ,жоғары білімді-9,орта арнаулы білімді-2 педагог бар.
«Ғажайып әлем» бөбекжайына кіру үшін ASHYQ қосымшасы орнатылған.
Бөбекжайдағы қажетті барлық әдістемелік және балалар әдебиеттері , сөйлейтін әліпбилер, интеративті тақта, компьютерлер, DVD, плазмалық теледидарлар, музыкалық орталықтар, дамыту ойындары тәрбиелеу мен оқыту процесін одан әрі танымды және жаңашыл етеді.
Бөбекжай мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың талаптарына сай екендігін көрсетті.
Өзін-өзі бағалау нәтижесінде келесі ұсыныстар енгізіледі:
- «Педагогикалық процесті ұйымдастырғанда жалпы тараптар»(Қ.Р МЖМБС-1.001-2013), сонымен қатар пәндік-дамытушы ортаны ұйымдастырғанда жалпы талаптарды орындау барыстарын жалғастыру;
- Педагогтарға тәрбиеленушілердің бағалау көрсеткішін дұрыс сараптауға кеңестер өткізу;
- Оқу іс-әрекет барысын ұйымдастыруда педагогтар жаңа технологияларды пайдалану,баланың дамуына тың мүмкіндіктер жасау;
- –Көркемдік шығармашылық конкурстар менбайқауға қатысуды ұйымдастыру,тәрбиеленушілер арасында сараптама жүргізіп, жоспар жасау.








